Бұл – адамдардың ең көп қоятын және ең үрей тудыратын сұрақтарының бірі. Бірақ есте сақтаңыз: 1414-тен келген кодты айту – алаяқтықтың соңы емес, тек басы.
Яғни, бірінші кодты айтып қойдыңыз деген – бәрі бітті деген сөз емес. Әлі де әрекет етуге болады.
Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Кодты айтып қойған болсаңыз, не істеу керек?
Психологиялық қысым көрсетеді: қорқытады, асықтырады, шатастырады.
Өзін мемлекеттік қызметкер, құқық қорғау органы, жеткізу қызметі немесе банк өкілі ретінде таныстырады және тағы басқа.
Бейнеқоңырау арқылы жалған куәлік, қызметтік құжаттар немесе «сенім ұялататын» фон көрсетеді.
«Телефонды қоймаңыз», «ешкімге айтпаңыз»,«байланыста
болыңыз» деп үгіттейді. Маңызды: Егер сізге WhatsApp
арқылы мемлекеттік органнан хабарласса – бұл күмәнді
әрекет
Нағыз мемлекеттік қызметкерлер немесе банк өкілдері мессенджер арқылы хабарласпайды және ешқашан код пен жеке мәлімет сұрамайды.
( 1 ) Байланысты үзіңіз
Т елефонды бірден қоя салыңыз.
Жақындарыңызға айтып, ескертіңіз.
Банкке, полицияға, eGov не поштаға тек ресми нөмірлер арқылы хабарласыңыз.
( 2 ) Қоңырау шалған ұйыммен байланысыңыз
С оңғы қаржы операциялары, аударымдар немесе өзгерістерді тексеріңіз.
Картаңызды уақытша бұғаттауды және несиелік лимитті тоқтатуды сұраңыз.
«Стоп кредит» қызметін қосыңыз. (Төменде нұсқаулық)
NCA Layer қосыңыз
ЭЦҚ (ЭЦП) арқылы жүйеге кіріңіз.
Мәзірден:
Eg ov.kz порталында: «Экономика және қаржы» →
«Банктік қарыздар мен микронесиелерді алудан өз еркімен бас тарту» таңдаңыз.
Egov mobile қосымшасында: «Мемлекеттік
қызметтер» → «Салықтар және қаржы» → «Банк несиелерін және микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту».
Немесе: «Танымал қызметтер» → «Несиелер мен микрокредиттерден бас тарту».
( 3 ) «Стоп кредит» қызметін қосу
Бұл қызмет сіздің атыңыздан жаңа несиелер мен микронесие
рәсімдеуге жол бермейді. eGov.kz порталында немесе
eGov Mobile қосымшасында:
Өтінімді толтырып, қол қойыңыз.
( 4 ) ЭЦҚ кілттерін жаңартыңыз
pki.gov.kz сайтында:
NCA Layer қосыңыз
«ЭЦҚ кілттер тізіміне» өтіңіз.
Қолданыстағы сертификатты таңдап, «Кері қайтарып алу» батырмасын басыңыз.
Өтінімді қолданыстағы кілтпен растаңыз.
Жаңа кілтті шығарыңыз.
Бұл әрекет сіздің цифрлық қолтаңбаңызды алаяқтар пайдалана алмауы үшін қажет.
( 5 ) Несиелік тарихыңызды тексеріңіз
Бірінші несиелік бюро сайтынан (1cb.kz) Жеке кредиттік есептемені (ЖКЕ) алыңыз.
Егер несие алаяқтық жолмен рәсімделген болса дереу полицияға хабарласыңыз:
Сонымен қатар, егер өзіңіз рәсімдемеген несие немесе қарыз байқалса, не болмаса Жеке кредиттік есептеме (ЖКЕ) құрамындағы қандай да бір ақпаратпен келіспесеңіз, оны даулауға құқығыңыз бар.
ЖКЕ ні онлайн түрде www.1cb.kz сайтынан немесе egov.kz порталынан алуға болады.
q amqor.gov.kz порталы арқылы, арыз жазыңыз.
Барлық қажетті деректерді жинап, тіркеңіз: телефон нөмірлері, сілтемелер, скриншоттар, хаттар.
Қосымша түрде шағымды полиция бөлімшесіне барып тапсыруды ұмытпаңыз.
О л үшін соңғы 10–15 күн ішінде алынған өзекті кредиттік есептеме болуы қажет.
Электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы: «Экономика және қаржы» → «Кредиттік есептегі ақпаратты даулауға өтініш беру» бөлімі бойынша, сондай ақ Egov mobile қосымшасы және ПКБ
порталы 1cb.kz сайты арқылы рәсімдеуге болады.
Толық кеңесті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) «1459» байланыс нөмірі арқылы алуға болады.
( 6 ) Құпиясөздерді жаңартып, екі факторлы қорғаныс қосыңыз
П оштаның, интернет банктің, әлеуметтік желілердің және мемлекеттік қызметтер порталдарының құпиясөздерін ауыстырыңыз.
Әр қызметке бөлек құпиясөз пайдаланыңыз.
Қосымша қауіпсіздік үшін екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосыңыз (SMS немесе Google
Authenticator, Authy сияқты қосымшалар арқылы).
Бізбен өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз
Егер сіз алаяқтыққа тап болсаңыз бізге хабарласыңыз:
Хатта: алаяқтардың схемаcының сипаттамасын, байланыс деректерін, хат алмасу мен скриншоттарды
тіркеңіз.
info@citizensec.kz Біз оқиғаларды зерттеп, маңызды ақпаратты көпшілікке таратып, басқалардың да осындай жағдайға тап болмауына көмектесеміз.
Білекке сенім, хабардарлық қорғаныс.