Құжатта билік тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, Парламенттің ықпалын күшейтуге және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға ерекше назар аударылған. Бұл өзгерістер саяси үдерістердің ашықтығын арттырып, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз қалайды. Сонымен бірге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерінің нақты әрі жүйелі түрде бекітілуі қоғамдағы құқықтық сенімді нығайтуға ықпал етеді. Дегенмен, аталған реформалардың нәтижелілігі оларды жүзеге асыру кезіндегі құқық қолдану тәжірибесінің сапасына тікелей байланысты болмақ.
Оспанова Дина Михайловна,
Ерейментау ауданы «AMANAT» партиясы филиалының ПКК мүшесі
