Бұл қадам азаматтық қоғамның рөлін арттыруға және халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Жобада әлеуметтік әділеттілік, мемлекеттік жауапкершілік және биліктің есептілігі мәселелеріне назар аударылғаны оң үрдіс ретінде бағаланады. Дегенмен, конституциялық реформалардың нақты нәтижесі тек мәтіндік өзгерістермен шектелмей, саяси мәдениеттің жаңаруына, ашық диалог пен қоғамдық бақылаудың күшеюіне алып келген жағдайда ғана сезіледі. Сондықтан, қоғамның белсенді қатысуы бұл реформаның табысты болуының басты шарты болып табылады.
Камила Ахмедьярова -Қоғамдық даму орталығының әдіскері
