Енді мемлекет қоғамды тек сырттан бақылаушы ретінде емес, белсенді серіктес ретінде қарастырады. Яғни, азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, талқылауға тікелей қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілуде. Бұл – билік пен қоғам арасындағы сенімнің артуына үлкен серпін береді.

Ең бастысы – комиссия жұмысының ашық болуы. Тікелей эфирлер, ресми сайттар, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттың қолжетімділігі азаматтарға процесті бақылауға, түсінуге және өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Конституция – тек заңгерлердің немесе мемлекеттік органдардың құжаты емес, әрбір азаматқа қатысты негізгі құқықтар мен міндеттерді анықтайтын басты құжат. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер де тек қоғаммен бірге, ашық және әділ талқылануы тиіс.

Осындай ашықтық пен жариялылықтың арқасында қабылданатын шешімдер қоғамға түсінікті, әділ және өміршең болады. Бұл – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырады, демократиялық қатысуға ынталандырады және елдің тұрақтылығы мен әділеттілігін нығайтуға жол ашады. Конституциялық комиссияның ашық әрі инклюзивті форматы – болашаққа жасалып жатқан сенімді қадам, халық пен биліктің бірлескен жұмысының нақты көрінісі.

Серік Жетпісқалиев,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі