Бұл технологиялар біздің өмірімізді, экономикалық және әлеуметтік қатынастарды түбегейлі өзгертуде. Цифрландыру арқылы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру, білім беру, мәдениет және тіл салаларын дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылады.

Халықаралық қазақ тілі қоғамы ретінде айтарым, жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды қолдану қазақ тілінің дамуы мен насихатталуына да тың серпін береді. Сандық технологиялар арқылы тілдік ресурстарды цифрландыру, электрондық білім беру жүйелерін дамыту және жас ұрпақты қазақ тілінде білім алуға тарту тиімді жолмен жүзеге асады.

Сонымен қатар, Президент атап өткендей, цифрлық және жасанды интеллект саласындағы бәсекеге қабілеттілік елдің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына мүмкіндік береді. Бұл – тек экономикалық дамудың емес, сонымен бірге мәдени және тілдік бірегейлікті сақтаудың да маңызды факторы.

Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектті тиімді пайдалана отырып, өз азаматтарын заманауи дағдыларға үйретіп, ұлттық мәдениет пен тілдің жаңа технологиялық дәуірде де дамуына жағдай жасап отыр.

Ахтышхан Ханша
Ақкөл ауданы бойынша Халықаралық қазақ тілі қоғамы қоғамдық бірлестігі филиалының төрайымы