Талапкер ауылында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Есіл өзенінің жағасында кең ауқымды сенбілік өтті.

Шамамен 200-ге жуық қатысушы — ауыл тұрғындары, жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен блогерлер — жағалауды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту үшін бірікті.

Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлының айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы — бір реттік шара емес, бұл — табиғаттың болашағына деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыратын қозғалыс.

Талапкер тағы да дәлелдеді: таза қоршаған орта — әрқайсымыздан басталады. 🌿

\#ТазаҚазақстан #Экология #Талапкер #Есіл #Экоакция